скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

2017 жылдың 11 тамызында Департаментпен Қарағанды облысының жол-құрылыс қауымдастығы өкілдерімен бірлесіп Агенттіктің "Жолдағы сыбайлас жемқорлық көріністерін жою бойынша 10 қадам" аясында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Көліктік бақылау инспекциясының бекетінде бірлескен іс-шаралар өткізілді. 

2017 жылдың 14 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ қызметінің аясында Сәтбаев қаласының мемлекеттік қызметкерлерімен және ХҚКО қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы кездесулер өткізілді. 

2017 жылдың 14 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ қызметінің аясында Жезқазған қаласының мемлекеттік қызметкерлерімен, бюджеттік ұйымдарының өкілдерімен,кәсіпкерлерімен, жастарымен және дін өкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы кездесулер өткізілді. 

2017 жылдың 10 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ қызметінің аясында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының Қарағанды теміржол бөлімшесінің еңбек ұжымы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы семинар өткізілді. 

2017 жылдың 10 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ қызметінің аясында Қарағанды облысының қазынашылық департаментінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы семинар өткізілді. 

2017 жылдың 9 тамызында Департаментпен «Қарағанды облысының жастар одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Азаматтық бақылау» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қоғамдық қабылдау» "Нұр Отан" партиясы ҚОФ ғимаратында өткізілді. 

2017 жылдың 4 тамызында Департаментпен «Қарағанды облысының жастар одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Азаматтық бақылау» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қоғамдық қабылдау» "Нұр Отан" партиясы ҚОФ ғимаратында өткізілді. 

2017 жылдың 8 тамызында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ қызметінің аясында Каражал қаласының мемлекеттік қызметкерлерімен, денсаулық сақтау жүйесі өкілдерімен және кәсіпкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы семинар өткізілді. 

Сонымен қатар, "Есіктен есікке" науқаны жүзеге асырылды. 

Науқан барысында Каражал қаласының ХҚКО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта флаерлар таратылды. 

Ағымдағы жылдың 31 шілдесі мен 5 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару Ұлттық орталығы» АҚ бірлесіп жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару  қызметкерлері үшін         «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізу бойынша оқыту- семинары өткізілді.

Ағымдағы жылдың 9 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Жаңарқа ауданына барды. Мобильді топтың қызметінің аясында ауданның мемлекеттік қызметшілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы семинар өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның және "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының нормаларын түсіндіргеннен бөлек, жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді. Бұдан бөлек, ауданның азаматтық қызметшілерімен және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерімен кездесу өтті. 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы